Балаларға арналған қазақша интерактивті ойындар
Тәрбиеші ойынды 2 минутта жасайды. Бала планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада ойнайды. Әр тапсырманы Ботақан қазақша айтады.
Ойын кодын тер
Кодты тәрбиешің береді. Тіркелу керек емес, баладан ешқандай дерек сұралмайды.
QR кодты сканерлеуТобыңызға ойынды 2 минутта жасаңыз
- Сурет пен сөзді таңдаңыз — Balapark одан 8 ойын жасайды
- Тақтада ашыңыз немесе кодты ата-аналар чатына жіберіңіз
- Әріптестеріңіз жасаған ойынды каталогтан көшіріп алыңыз
- Жарнамасыз
- Баладан дербес дерек жинамаймыз
- Деректер Қазақстандағы серверде
- Әр жария ойынды модератор тексереді
Бір рет толтырасыз — сегіз ойын аласыз
Суреттер мен сөздерді бір рет енгізесіз. Ойын түрін бір басумен ауыстырасыз: бүгін «Тыңда да тап», ертең сол суреттермен «Жұбын тап». Төменде ойнап көріңіз.
Тап: алма
Бұл браузерде қазақша дауыс жоқ — сайтта Айгүл дауысы ойнатыладыҮш қадам
- 1Суреттерді таңдаңызӨзіміз салған суреттер кітапханасы. «Жемістер», «Көлік» сияқты бүкіл тақырыпты бір басумен қосасыз.
- 2Ойын түрін таңдаңызСегіз ойынның кез келгені. Алдын ала көріп, балаға сай екенін тексересіз.
- 3Балаға беріңізТақтада толық экранда ашасыз немесе 6 таңбалы кодты, сілтемені не QR-ды ата-аналарға жібересіз.
Кішкентай балаға арнайы жасалған
Мәтін емес, сурет пен дыбыс. Тапсырманы Ботақан қазақша айтады.
«Тағы байқап көр» дейді. Таймер әдепкіде өшірулі.
Кішкентай саусаққа ыңғайлы, тақтада алыстан көрінеді.
Жарнама, чат, сыртқы сілтеме жоқ. Ойыннан шығу үшін ересек адам батырманы басып тұрады.
Бір ойын 3–5 минут. Экран алдында ұзақ отырмайды.
Коммуникация, Таным, Шығармашылық, Әлеумет, Денсаулық салалары бойынша. Әдіскер тексереді.
Дайын ойындар әлемі
Тәрбиешілер жасап, модератор тексерген ойындар. Ойнатыңыз немесе өзіңізге көшіріп алыңыз.
Балабақшадағы ойынды үйде жалғастырыңыз
Тәрбиеші жіберген кодты теріңіз — бала сол аптадағы тақырыпты үйде қайталайды. Күніне 10 минут жеткілікті.
- Тегін. Ойнау үшін тіркелу де, төлем де керек емес.
- Қауіпсіз. Жарнама, чат, сатып алу батырмасы жоқ.
- Қазақша. Бала тілді ойын арқылы үйренеді.
Тарифтер
- 5 ойын жасау
- Барлық 8 ойын түрі
- Каталогтан шексіз ойнау
- Код, сілтеме, QR
- Шексіз ойын
- Әр баланың нәтижесі
- PDF: карточка, жұмыс парағы
- Сайттың сертификаты
- Жаңа ойын түрлері алдымен
- Барлық тәрбиешіге Pro
- Ортақ ойын кітапханасы
- Топтар бойынша есеп
- Тәрбиешілерді оқыту
Жиі қойылатын сұрақтар
Бала ойнау үшін тіркелуі керек пе?
Жоқ. Бала тек 6 таңбалы кодты тереді немесе QR-ды сканерлейді. Баладан аты-жөні, телефоны, суреті сұралмайды.
Интерактивті тақтада жұмыс істей ме?
Иә. Ойын толық экранда ашылады, батырмалар үлкен, саусақпен де, қаламмен де басуға болады. Тақтадағы браузер жеткілікті, бағдарлама орнатудың қажеті жоқ.
Ойындар мектепке дейінгі бағдарламаға сай ма?
Ойын тақырыптары мен түрлері білім беру салалары бойынша топтастырылған. Каталогтағы ойындарды мектепке дейінгі білім беру әдіскері тексереді.
Сертификат аттестацияға жарай ма?
Бұл — Balapark сайтының сертификаты: жарияланған ойындарыңызды растайды. Ол ресми аттестациялық құжат емес.
Pro мерзімі бітсе, ойындарым өшіп қала ма?
Жоқ. Ойындарыңыз сақталады және балалар оларды ойнай береді. Тек жаңа ойын жасау тегін жоспардың лимитімен шектеледі.
Қалай төлеймін?
Төлем жүйесі іске қосылғанда осында жазамыз. Балабақша мен мектеп шот арқылы төлей алады.